Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Алматыда марқұм студенттер есіктің аузында өлген. Әттең, құтқарушылар есікті ашса, олар тірі қалар еді…

Ирсалиевтің сөзіне сүйенсек, батут орталығынан шыққан студенттер жанып жатқан ғимараттан достарын шығарып алуды сұрап өрт сөндірушілерге жалынған. Бірақ бәрі бекер болған екен.

“Адамдарды құтқарыңыздар деп жалынып, өрт сөндірушілерге олардың қайда екенін айтқан. Бірақ оларды ешкім тыңдамапты. Өздері көмектеспекші болғанда, жібермей қойған екен. Өрт сөндірушілер 6-қабатқа қалай баруды білмей дал болған. Ғимараттан шығып үлгерген адамдар оларға жол көрсетіпті. Бір топтың тіпті фонары да болмапты, балаларды бірі өртке дейінгі жолға телефонымен жарық түсіріп, жеткізген екен. Тергеу әділетті түрде жүргізіледі деп үміттенген едім, бірақ өрт сөндірушілердің берген жауабы жауапкершіліктен қашу екенін енді түсіндім”, — деп жалғастырады Ирсалиев.

Оның айтуынша, ғимаратта қалып қойған студенттердің аман қалуына мүмкіндік болған.

“Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, олар иіс газынан уланып қаза тапқан. Өрт сөндірушілер студенттердің жалынышын тыңдап, міндеттерін біліктілікпен орындағанда, балаларымыздың көзі тірі болар еді. Алайда, олар балаларды құтқармақ түгіл, денелерін де іздемеген, сол түні ғимаратта ешкім жоқ деп мәлімдеген.

Балаларымыз болса жабық тұрған апат кезіндегі шығу есігінің алдында қаза тапты. Өрт сөндірушілер ең бірінші сол есіктерді тексереді деп ойлайтын едім, өйткені адамдар өрт кезінде сол есіктер арқылы шығады ғой. Туған-туыстар мен достар солардың сөзіне сеніп, қаза тапқан балаларды түні бойы Алматы ауруханаларынан іздеген, ешқайсысы табылмаған соң, таңға қарай төтенше жағдайлар департаменті мен полицияға хабарласқан.

Сол кезде ғана шара қолданылып, балалардың денелері табылды”, — дейді Ирсалиев.

Батут орталығының қамауға алынған директоры Дәурен Тұяқовтың мүддесін қорғаушы Джохар Өтебековтың сұрағына Алматы төтенше жағдайлар департаментінің берген жауабы таң қалдырады. Өткен аптада алынған құжатта былай жазылған:

“Өрт сөндірушілердің бастапқы әрекеті төменгі қабаттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығару болған, ол жерден барлығы 80 адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру кезінде ғимарат түгелдей отқа оранған болатын, сол себепті өрт сөндірушілер ғимараттың ішіне кіре алмады. Ғимарат төбесінің бір бөлігі жоғары температураға төзбей опырылып кеткендіктен, бұл аумақта жұмыс жүргізу конструкция толық сөнгенше мүмкін емес болды. Сонымен қатар жанып жатқан ғимараттың ішінде қалған адамдар туралы ақпаратты сұраған кезде, нысан әкімшілігі ғимаратта ешкімнің жоқ екенін мәлімдеген. Жанып тұрған ғимарат ішінде қалып қойған адамдар туралы басқа мәлімет департаментке жеткізілген жоқ”.

Сонымен қатар, Алматы төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, адамдардың жоғалып кеткендігі туралы ақпарат келесі күні таңертең ғана келіп түскен. Ал Ирсалиевтің хаты БАҚ-та жарияланған осы төтенше жағдайлар департаментінің түсініктемесіне берілген жауап болып табылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз