Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Алматыда “мәдениетті” үш алаяққа іздеу жарияланды

Ұсталғандардың екіншісі 1983 жылы туған Алматы тұрғыны.

«Ол пәтер иелері кооперативінен келген электрикпін деп тұрғын үйлерге кірген.

Электр есептеуіштері немесе автоматты сөндіргіштерін жөндедім, ауыстырдым деп алдап, үй иелерінен ақша талап еткен. Шындығында ол ештеңе істемеген және пәтер иелері кооперативінде де жұмыс істемейді. Үй иелеріне ескі есептеуіштерді жаңасына алмастырғаны туралы жалған чек көрсетіп, қолма-қол ақша төлеуін талап еткен. Сенгіш азаматтар оған ақша төлеген. Айта кетерлігі, алданғандардың көпшілігі зейнеткерлер, егде жастағы адамдар», – дейді  Өсекбаев.

Келесі қылмыскер де Алматы тұрғыны. 40 жастағы ер адам таныстары арқылы төмен бағамен көп мөлшерде жаңа iPhone8 алғысы келетіндерді тапқан.

«Ер адам оларға ұялы байланыс компанияларының бірінде тамыр-таныстары бар екенін айтып, смартфондарды арзан бағамен алуға болатынына сендірген.

Бірақ арзан смартфонды тек көтерме сауда арқылы ғана алуға болатынын, кем дегенде 10 дана телефон сатылатынын айтады. Жәбірленушілердің бірімен «мәміле жасасып», 640 мың теңгесін алған да, ізін суытқан», дейді полиция полковнигі. Ол осы тақылеттес қылмыстары үшін бұрын да сотталған. «Аталған тұлғалар алдау жолымен азаматтардың сеніміне кіріп, тонап отырған. Олардың әрекеттері ҚР ҚК 190-бабымен («Алаяқтық») қаралады. Үшеуіне де қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілер өз айыбын мойындап отыр. Бұл тұлғалардың қылмыстық әрекеттері көп мәрте қайталанатындықтан, жәбірленуі мүмкін азаматтардың 298-52-80 және 298-52-84 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуын сұраймыз», – дейді Тимур Өсекбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз