Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Мерседес 221 маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізім ғайып жоқ болған, алайда аз уақыттан кейін жол полициясы оны Горный гигант ықшам ауданынан тапқан. Қалалық ІІД алдағы уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы туралы ақпаратты толығырақ беретінін айтты.