Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда кісі қолынан тапқан Өркен Азаматұлы Талдықорғанда жерленеді

Бұл туралы Today.kz хабарлады. Алматыда ол оқыған №67 орта мектептің басшылығы оның белсенді әрі озат оқушы болғанын еске алды.

„Өркен сабақты жақсы оқитын, ешқашан сабақтан кешіккен емес, үстелдегі теннис пен шахматты жақсы көретін. Ол бұзық болып көрген емес, өте сабырлы әрі ақылды бала еді. Біз де оны жанұшыра іздедік. Біз оны ақтық сапарға шығарып сала алмаймыз, өйткені оны Талдықорғанда жерлейді„ – деді Өркен оқыған мектептің тәрбие жөніндегі завучы Жаухар Найзабекова.

Өркен Азаматұлын белсенді түрде іздеген ерікті адамның бірі – Ислам Угушев.

Оның айтуынша, баланың туған-туыстары 21-қаңтарда көмекке жүгінген. Олар сол күні топ адамды жинап, оны іздеуге шыққан.

“Баланың үйі мен мектебінің маңайынан өткен адамдар сұрауға алынды. Әр ауданға баланы іздеу туралы парақшалары ілінді. Бір адам оған ұқсайтын баланың №135 автобусқа мінгенін айтты. Біз оны тексердік. Автобус жүргізушісі мен кондукторды тауып, сұрастырдық. Біз жұмысымызды 21-қаңтарда шамамен 23:00 уақытында аяқтадық. Ертеңінде Өркен Азаматұлының мерт болғанын білдік”, – дейді Ислам Угушев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз