Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда қызбен жатып алып, ақша бопсалайтын жігіт сотталды

179

Бір сағат өткен соң жәбірленуші басқа бөлмеде жүрген кезінде, сотталушы пәтерден шығып, үйіне кетіп қалған. Содан кейін қыз әлеуметтік желісі арқылы сотталушыға: “Сен қайдасын, неге кетіп қалдын” деп жазған.

Осы кезде сотталушының ойына, қорқытып алу, яғни жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді жариялап, бөтеннің мүлкін немесе мүлікке құқықты беруді немесе мүліктік сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету туралы қылмыстық ойы туындаған”, – делінген соттың хабарламасында.

Сотталушы жәбірленушіге өзімен жыныстық қатынасқа түскенін бейнежазбаға түсіріп алғаны туралы айтып, бұл бейнежазба ғаламторға жарияланатыны туралы айтып, оны қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші оған сеніп, одан қорқып, бейнежазбаны ақшаға сатып алуға келіседі.

“Содан, жәбірленуші қорқып, бопсалаушының талаптарын орындау жөнінде Алматы қаласы Пушкин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан терминал арқылы сотталушының шотына ақша салып жіберген. Өз кезегінде соттталушы қаражатты шотынан шешіп алып, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Осы қылмыстық іс әрекеттің салдарынан

жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Сот кезінде айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берілген жауабын толық растаған.

“Сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен (“Бопсалау”) кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын”, – деп оқыды судья үкімді.

Сондай-ақ, мамандандырылған органға хабарламай тұрғылықты тұратын жерін, жұмыс орнын өзгертпеу, өзі тұратын аудан аумағынан кетпеу, қоғамдық тәртіпті бұзбау туралы міндеттемелер қойды. Алайда жәбірленушінің азаматтық талап-арызы қысқартылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз