Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтеді

Спортшылар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (-60 келі., -74 келі, 90+ келі) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталады.

Сонымен қатар, 60 келі салмақтағы спортшыларды көтеру және қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. «Арландар сайысы» ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты күресшілердің шеберліктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылмақ.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсынылады. Сонымен қатар, ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал «Серілер», «Алашұлы» топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді.

https://kaz.365info.kz/khazakhstan-meni-kerek-khylmaj-zhatyr-anshi-sazger-khazhymyrat-280878

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз