Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда қазақ қыздары тыр жалаңаш шешінген атышулы клуб жабылып тынды

354

соның барлығын видеоға түсіріп, желіге таратқан жігіттердің арқасында. Оларды сатқын „крысалар„ дегеннен өзге сөз табылмады.

Ол жерде көңіл көтермеген адам болса, түсінуге болатын еді”, – дейді Байзақова.

“Zakova” клубы @zakova.bar жабылатынын хабарлаймын. Кімнің кесірінен екенін түсініп отырсыздар… Бізде ішіп, көңіл көтеріп, шегіп жүрген сатқындардың. Телефондарына түсіріп, желіге таратқандардың арқасында. Мақсаттарыңызға жеттіңіздер, құттықтаймын! Онда барлық клуб пен барды жабыңыздар осылай, өйткені барлығыңыз „пәксіздер„ ғой! Кеше қоштасу кеші өтті. Сағынатын боламын #zakovabar”, – делінген Байзақованың Telegram арнасында.

Ал клуб өкілдері тек демалыс күндеріне байланысты істемей тұрғандарын және әзірге толық жабылу туралы ештеңе белгісіз екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 26-желтоқсанда полицейлердің 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқаны хабарланған еді. Айта кетейік, таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған еді.

“Алмалы аудандық ІІД жергілікті полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша іс материалдарын жинап, 1995 жылғы А.С.Байзақоваға қатысты қоғамдық жерде қоғамға қарсы конкурстар ұйымдастырып, былапыт сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартты. Байзақованың кінәсі толығымен дәлелденді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес ол үш күнге қамауға алынды”, – деген еді Алматы ІІД өкілдері.

Айжан Байзақова бостандыққа шыққанан кейін 31-желтоқсанда тікелей эфирге шығып “айтарым бар” деп мәлімдеген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз