Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда қарулы “жиһадқа” үндеген бір топ адам ұсталды (видео)

“Мұнымен қатар, олар осы әрекеті үшін жауапкершіліктен жалтару үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорқытып, үркіту (аноним қоңырау шалу, оларды және отбасын өлтіремін деп қорқыту видеожазбалары) бойынша акциялар жасауды жоспарлаған”, – деп хабарлады ІІД өкілі.

Аноним видеоүндеулерде ұсталғандар бетперде, діни-экстремистік “Хизб-ут-Тахрир” партиясының (Қазақстанда тыйым салынған) белгілері мен қару қолданған. Олар өздері насихаттаған идеяны қолдау үшін заңға қайшы жаппай әрекеттер жасауға шақырған. Күдіктілер жақтастарын іздеген. Бұл ролик және электронды тасымалдаушылар мен діни әдебиет тәркіленіпті. Оларға сараптама жүргізіледі.

“Қазіргі нұсқа бойынша, бұл топ шетелде қашып жүрген қылмыстық элементтерінің тапсырысы бойынша әрекет еткен. Қазіргі уақытта олар Алматы қалалық ІІД-нің тергеу изоляторына қамалды. Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр”, – деді ІІД өкілі.

Айтуынша, бұл топ мүшелерінің бірі мұның алдында кісі өлтіргені үшін сотты болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз