Алматыда Рен Сюмей есімді қытайлық қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рен Сюмей есімді қытайлық соңғы рет 30 қазан күні «Достық плаза» сауда орталығында болған. Оның сауда орталығынан кешкі сағат 20:00-де шыққаны бейне бақылау камерасында жазылған.
«Достық плазаға» келместен бұрын, ол Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы сауда орталығында болған.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қытайлық қыз Алматыға электрондық темекі сатуға келген.