Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

Алматыда кәсіпкерді тонап, 35 миллион теңгені алып қашқандардың бірі ұсталды

Құрылыс компанияларының бірінің директорына бір топ адам 2016 жылдың 30 қарашасында шабуыл жасаған. Оқиға Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында болған. Қылмыскерлер 35 миллион теңгеден аса ақша болған портфельді алып кеткен.

“Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тіркелді. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы жайлы бірқатар тыңдау өтті, осы қылмысты ашуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23-сәуірде ішкі істер органдары күдіктілердің бірін ұстады, ол қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура органдары осы оқиғаны хабарлай отырып, қалалықтарды сақ болуға, бөтеннің мүлкін және қаражатына абай болуға шақырады”, – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз