Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыда Green Bus тағы екі бағытта жолаушыларды тасымалдау қызметінен айырылды

Мұндай шешім шығаруға жолаушылардың наразылығы түрткі болған.

“Осы бағытта жүретін автобустардың жиілеп қатынау көрсеткішінің төмен болуына байланысты, бүгіннен бастап бұл бағыттар басқа тасымалдаушыға берілді”, – деді басқарма өкілдері.

Дәл осындай себеппен кеше Green bus компаниясынан №37 және № 79 бағытында жолаушыларды тасымалдау қызметінен айырылды.

“Қала тарапынан мардымды қаржыландыру жүріп жатқанына қарамастан, кейбір компаниялар бағыттарда қызмет көрсету бойынша келісімшартты жүйелі түрде бұзуға бейім.

Қазіргі уақытта тасымалдаушы компанияларды субсидиялау бойынша жалпы жұмысы қайта қаралып жатыр, кейбіреулерімен келісімшарттар үзіледі.

Бүгін Green bus компаниясы қызмет көрсететін № 37 және №79 бағытында жолаушыларды тасымалдау жұмыстарын басқа компанияға беру туралы шешім шығарылды”, – деді ведомство өкілдері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз