Алматының Әуезов ауданында қойма өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі Өтеген батыр көшесінің бойындағы нысан өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 12:36-да түскенін мәлімдеді.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
ТЖД аталған оқиғаға қатысты қосымша ақпаратты кейін хабарлайтынын мәлімдеді.