Газ баллонының жарылып, Шымбұлаққа көтеріліп бара жатқан автокөліктің түгі қалмай жанып кетті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«Сағат 10:27-де Алматы қаласы ТЖ департаментінің «101» нөміріне Медеу ауданы, Горная көшесінің Шымбұлаққа жақын тұсында автокөліктің өртенгендігі туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 10:46-да келіп жетті. «Тойота Хайлюкс» (пикап) маркалы автокөлігінің газ баллонының жарылуы салдарынан өртенгендігі анықталды. Өрт сағат 11:00-дер кезінде толықтай ауыздықталды», – деп хабарлады Алматы ТЖ департаменті.