Сот процесінің материалдарына сүйенсек, айыпталушылар қатарында Виктор мен Лейла Храпуновтардан бөлек тағы он адам бар. Бастапқы тыңдау 26 шілдеге белгіленген.
Виктор және Лейла Храпуновтар, Айяр Ілиясов және тағы тоғыз адамға қатысты іс биыл 17-шілдеде соттың қарауына қабылданды, – деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Қазақстандағы танымал ерлі-зайыптылар көп ұзамай жазаға тартылатынын сезіп, бірнеше жыл бұрын елден кетіп, қайтып оралмаған еді. Храпуновтар бірнеше рет БАҚ арқылы Қазақстанға тергеуге шақырылды, бірақ қашқын жұп оны елеген жоқ.
Қожамжаров Храпуновтардың тиісті жазасын алатынына уәде берді. Заң бойынша сот айыптылардың жоқтығына қарамастан істі қарауға шешім қабылдады.
Бастапқы тыңдалым 26 шілде күні сағат 9-да болады.