Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
6
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Алматыда бір топ жігіт алып қашқан 19 жастағы бойжеткен өлі күйінде табылды (фото)

188

Тілеугүлді 30 шілде күні достары туған күнге барамыз деп аға-жеңгесінен сұрап әкетті.

https://kaz.365info.kz/ninety-one-toby-endi-latyn-amerikalykhtarga-eliktep-zhyr-foto-274122

Кешке таман қызымыз анасының ұялы телефонына «мені алып қашып бара жатыр» деген хат жазып үлгерген. Артынша телефоны сөніп қалған. Сол күні барлық таныстарына хабарласқанмен еш нәтиже болмады. Тек 31 шілде күні кешке  Тілеугүлдің қайтыс болғанын полициядан естіп,  денесін қаладағы мәйітханадан таптық.

Бір топ жігіт қызымызды алып қашып Алматыдағы Алатау ауданындағы көп қабатты үйдің біріне апарған. Сол жерде Тілеугүл келін болуға көнбеген. Куәгерлер қыз 8-қабатан өзі секіріп кетті дейді. Біз ойлаймыз ол секірген жоқ, көнбеген соң біреулер әдейі итеріп жіберген», – деді қайтыс болған Тілеугүлдің жездесі.

Бойжеткен өлерінің алдында жеңгесіне қоштасу хатын да жазған.

Онда Тілеугүл: «Жеңге, ұйықтап қалмадыңыздар ма? Мен былай болады деп ойламадым. Мені кешіріңіздерші. Мамам кешірсін мені!  Жақсы қыз бола алмадым. Өзім білмей қалдым жай кездесіп қайтып келем деп ойладым. Қинап кіргізіп алды мені Азиз деген бала Жаңақұрылыстікі. Мамамдардың бетіне қарай алмаймын. Сендерді жақсы көрем. Кешіріңіздерші! Өзімді жек көрем», – деп жазған.

https://kaz.365info.kz/zhigitim-khytajsha-biledi-bayan-makhsatkhyzy-syjiktisinin-khabiletin-korsetip-makhtandy-video-274234

Аталған адам өліміне қатысты қылмысты Алатау ауданының ішкі істер басқармасы растағанымен, оқиғаға байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз