Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда баласына қарамай, араққа салынған әйел полицияның назарына ілікті

Тәртіп сақшылары анасы мас болғанда немесе оның көптеген мейманы балаға қауіп-қатер төндіре ме деп қауіптенеді.

«Көршілері 45-жастағы Л. есімді әйелдің үйіне «ішімдік құмарлар» ұдайы келіп тұратынын айтады. Отбасына барғанда бұған өзіміз де көз жеткіздік. Үйдегі бөгде еркек мас болып шықты. Оның кім екенін тұрғын үй иесі ақыры түсіндіріп айта алмады. Ал егер қылмыс немесе бақытсыз оқиға болса, оған кім кінәлі болмақ?.. Русланның өмірін бақылау мақсатымен біздің бөлімше инспекторлары осыдан бастап отбасына келіп тұратын болады.

Инспекторлар көңіл бөлгеннен кейін жағдай жақсарады деп үміттенеміз. Іс жүзінде әйел тәртіпсіз өмір салтына бейім. Соған сәйкес өз міндетін, баланы тәрбиелеу мен асырауда өз міндеттерін дұрыс орындай алмайтыны да белгілі. Қазір бала 2-сыныпта оқиды және оның сабақ үлгерімі де жақсы»,- деп хабарлады Алматы қаласының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювенальды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Полицейлер қазірдің өзінде істі аудандық әкімшілік жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға қарауға қажетті материал жинастырды. Егер Русланның анасы жаман әдетін қоя алмаса, оны мәжбүрлі түрде емдеу мәселесі қарастырылады.

«Мұндай жағдайды қарастыруда баланы анасынан айыруды ешкім мақсат етпейді. Ол практикада жоқ. Керісінше, мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, біз қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздестіреміз. Бұл жерде бәріне ішімдік кінәлі. Анасының бәрін түсініп, тиісті қорытынды шығарып, түзелу жолыну түсуі қажет.

Баланы махаббат пен мейірімге бөлеу керек. Оның өмірге араласуына жағдай жасауы қажет. Баланың бақытты болуға толық қақысы бар. Ол толыққанды білім алып, өз мүддесіне сәйкес дамуға тиісті. Осының бәрі ата-ананың міндеті. Біз Русланның тағдырын тұрақты бақылап, оның дұрыс отбасында өсуіне барынша күш саламыз»,- деп сөзін нақтылады полковник Әліпбаева.

Гүлнар Жаманқұлова,

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз