Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтіледі

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қонақтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.

«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама мерекелік көңіл-күйді көтереді. Қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», – деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары) мен Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы) уақытша жабылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз