Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда “Бақытты отбасы” тұрғын үйге өтінім қабылдау басталды

365
kapital.kz

Бағдарламаның негізгі бағыты — көпбалалы және толық емес отбасыларды жеңілдетілген ипотека арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Өтініштер бағдарлама сайтында 11-15 наурыз аралығында қабылданады.

Өтініштер тұрғын үйге кезекте тұрған және меншігінде үйі жоқ, кейіннен сатып алу құқығымен жалға алған пәтері жоқ көпбалалы отбасыларынан қабылданады. Қарыз мөлшері — 15 млн теңгеге дейін, бастапқы жарна — 10%, жылдық мөлшерлеме — 2%.

Өтінім мақұлданғаннан кейін азамат банкке келіп, 10 күн ішінде бағдарламаға қатысуын растауы тиіс. Содан кейін бір ай ішінде азамат қарызға алатын тұрғын үйді табуы тиіс, ал тұрғын үйдің құнына шектеу жоқ.

Өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба, балалардың туу туралы, неке, ажырасу немесе жұбайының қайтыс болуы туралы куәліктің сканерлері немесе өтініш берушінің некеде емес екені туралы нотариалды куәлік талап етіледі. Қарыз алуға үміткерлердің төлем қабілеттілігін міндетті түрде тексеретін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз