Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-7
USD
503
0.00
EUR
546
0.00
RUB
5.95
0.00

Алматыда автобусты соғып қашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

Десе де, «Тойота» тізгініндегі  адам, оларға жедел-жәрдем шақыртпастан оқиға орнын тастап кетіп қалған. Кейбір мәліметтер бойынша із суытқан азамат «сау жүргізуші» қызметі бойынша жалданып жұмыс  істеген болуы мүмкін.

Қазір оны полиция қаланың түкпір-түкпірінен іздеп жатыр. Табылған күні жол апатына кінәлі болмаса да, зардап шеккендерді  тастап кеткені үшін 2 немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Ол міндетті түрде ұсталып,жауапкершілікке тартылатын болады. Ал қандай жауапкершілік екенін сот-медициналық сараптамадан кейін анықтайтын боламыз. Өйткені, жәбір көрген азаматтың алған дене жарақатының ауырлық деңгейін анықтау керек»,-дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз