Алматыда кеше өткен арнайы операция кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі адам ұсталды.
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Оған дейін полицейлердің Фурманов көшесін қоршауға алғандары жайлы хабарланған болатын. Куәгерлер қалада атыс болғаны жайлы хабарлап, оқиға орнынан суреттер мен видеолар жариялаған еді.
“Атыс жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. ІІД қызметкерлері арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде құқық бұзушылық жасады деген күдікпен екі адам ұсталды”, – деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.