Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыда ашынған жұмысшылар ақысын жеген басшыларын іздеп таба алмай жүр

“Басында басталған уақытта жарық болған жоқ. Басқа жақтан тартуға мәжбүр болдық. Оған да ақшаны өзіміз төлеп шықтық”, – дейді бригадир Ораз Бекенғалиев.

Істің насырға шапқанына, ешкімге керексіз болып қалғандарына жұмысшылардың бүгін көздері жетті. Ал олардың орындарын «дайын асқа тік қасық болған» өзгелер басқан. Яғни, мерзімді созған мердігер компания қалған аз-кем жұмысты бітіруді басқаларға тапсырыпты. Ал, «Сұлу төр» мердігер компаниясының басшылығымен байланысу мүмкін емес. Тіпті базыналарын осында келіп тыңдаймын деген уәдесін де орындамады. Амалы қалмаған жұмысшылар араша сұрап, Алмалы аудандық әкімдігінің есігін қақты.

“Қолға аламыз, бақылауға аламыз барлығын. Арбаттың бойында күнде жүрміз. Таңертең келеміз, жұмысымыз сол жерден басталады”, – дейді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайрат.

Бір жарым ай бойы төгілген маңдай терлерінің ақысын алмайынша, жұмысшылар өліспей беріспейміз деп отыр. Әкімдік, әзірге жағдайды жақын арада шешеміз деп мәселенің тігісін жатқызды. Бірақ, түйіткілдің түйіні тарқамаса, ашынған жұмысшылар базыналарын сотқа дейін жеткіземіз деп тарқасты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз