Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда жағдайы төмен отбасыларға 32 млн теңге бөлінді

Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге кететін шығын отбасы табысының он пайызынан асқан жағдайда беріледі. Мұндай қолдауға ие болу үшін тұрмысы төмен отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, куәлік көшірмесін мекен-жайы мен жұмыс орны жөнінде анықтама өткізуі тиіс. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді көрсетуі қажет.

– Егер де бір отбасының коммуналдық қызметтер төлемі 12 мың теңгені құрайтын болса ал отбасының табысы 70 мың теңгені құрайтын болса, яғни 70 мың теңгенің 10 пайыздық мөлшері 7 мың теңгені құрайды. Яғни, аталған отбасыға 5 мың теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалады.

Егер де коммуналдық қызметтер тарифі өскен жағдайда сәйкесінше тұрғын үй көмегінің мөлшері де көбейтіледі. – дейді Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Рүстем Исмаилов,

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз