Алматыда Алатау аудандық сотының бұрынғы судьясының атышулы ісіне қатысты сот басталды.
Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.
Бұрынғы судья ҚР Қылмыстық кодексінің 350 бабы (әділетсіз үкім шығару) және 307 бабы (қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) бойынша айыпталып отыр.
Кейін марқұмның жалғыз мұрагерімін деген оның інісі сотқа шағымданып, қайтыс болған ағасы мен Мыңбаеваның арасындағы неке қарым-қатынасын танымау туралы шағым түсіреді. Бірақ судья Серімов істі қабылдамай қояды.
Нәтижесінде әйел мұрагерлікті рәсімдеп, Светлана Тұрғанбаеваға үйін сатып жібереді. Алайда судья кейін өз шешімін қайта қарап, әйелдің мұрагерлікке қатысты құқығын заңсыз деп таниды. Сәйкесінше Тұрғанбаевамен жасалған үйді сатып алу туралы келісім-шарт заңсыз болып шыққан.
Сот Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешім шығарады. Ал ол әйел болса өз-өзін өртеп жіберіп, ауруханада көз жұмған. Марқұмның туыстары бастапқыда дұрыс шешім қабылдамағаны үшін судьяны жазалау керек деп талап қойған.
Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 8 қыркүйек күні өтеді.