Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда 9 жыл құлдықта болған қыздың оқиғасы елдің жағасын ұстатты (видео)

Бұл туралы sn.kz хабарлайды. 

Қыздың айтуынша, оларды күрдтердің отбасы фермаға апарып, мал бақтырған. Бірнеше рет қашпақ болғандарында ұсталып, аяусыз соққыға жығылыпты. Тек 9 жылдан кейін әйелдің денсаулығы жұмысқа жарамсыз боп қалғандықтан оны “қожайындары” босата салған екен.

Қазір Ділназ Алматы облысында туыстарының үйінде тұрып жатыр. Анасы одан ашық түрде бас тартыпты. Әкесі болса әу бастан-ақ «білгендеріңді істеңдер» деп, қолын бір сілтеп кетіп қалған. 11 жасар қыз жазу-сызуды енді ғана үйреніп жатыр.

«Менің атым Ділназ, жасым 11-де. Менің анам қазір Баяндай ауылында (Алматы облысы) тұрып жатыр. Әпкелерім жоқ, тек ағаларым ғана бар. Анам менен бас тартты», – дейді құлдықта болған кішкентай қыз. Ол өздерін құлдықта ұстағандардың нақты кімдер екенін білмейді.

«Олар бізді 110-шы фермаға апарды. Бізс ол жерде мал бақтық, күзеттік. Кішкентай ғана үйде тұрдық, дұрыс тамақтандырмайтын. Үйде тек электр энергиясы ғана болды», ― дейді ол.

Анасы екеуі талай рет қашып кетпек те болған екен. Алайда, оларды үнемі жарты жолдан ұстап алып, “қожайындары” қатаң жазалап отырған.

«Біз қашып кеткіміз келетін. Бірақ, ақшамыз жоқ болғандықтан ешқайда бара алмадық. Біз Исаевтар отбасынан көмек сұрадық, бірақ олар көметкесе алмады. Олардың да фермасы бар, біз секілді жұмысшылар ұстайтын. Бірақ, біз оларға жақын барсақ, бізді ұрып соғатын. Ал, қашып кеткендерді такып алып, ауыр соққының астына алатын», ― деп жалғады сөзін Ділназ Ташкенбаева.

«Олар үшеу еді, әкесі мен екі ұлы, күрділер болатын. Егер малдың алдынан шықпасаң, сауып үлгере алмасаң айқайлап, ұра бастайтын. Мені де, анамды да ұрды. Бізден басқа ол жақта 12 ер адам мен 3 әйел адам болды. Біреуі татар, қалғандары орыстар», ― дейді кішкентай қыз.

Қазір Ділназ ағасының үйінде тұрып жатыр. Жағдайы керемет болмаса да, бастысы құлдықта емес. Дегенмен, бұл үйде де ол ұзақ тұра алмайтын секілді. Ағасы Абдусамет Заитов баспананы жалдап тұрады. Отбасында адамдар көбейгендіктен үй иесі жалдау ақысын көтеремін деп отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз