Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда 60 жастағы кісіні қағып өлтірген жүргізуші ізделуде

Анықталған деректер бойынша, Шаңырақ-2 ықшамауданындағы Жанқожа батыр көшесімен келе жатқан белгісіз автокөлік рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпекші болған 60 жастағы азаматты қағып кеткен. Жүргізуші зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетпестен ,оқиға орнынан бой тасалаған. Ал жаяу жүргінші оқиға орнында жан тапсырды.

Зардап шегушінің нақты неден қайтыс болғанын анықтау мақсатында, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазір жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Осы оқиғаға куә болған азаматтардан төмендегі телефондарға хабарласуын сұраймыз:

254-45-05, (кезекші бөлім, тәулік бойы) 254-47-80, 87018884882, 87078377813, 87075558994, 87772801555 немесе «102».

Қандай да бір ақпарат берген азаматтардың құпиялылығы кепілдендірілген, сыйақысы бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз