Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда 2 жасар сәби дәрігер қателесіп салған екпеден кейін көз жұмған

111

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Балқия «2015 жылдың желтоқсан айында  болған оқиға әлі көз алдымда» дейді. Екі жасар Сәуленің дене қызуы көтерілген соң жедел-жәрдем шақырыпты. Айтуынша, дәрігер «қыздың тамағы ғана қызарып тұр» деп дәрі-дәрмек жазып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген. Алайда қызуы дәріден кейін де түспеген соң, жедел жәрдемді қайта шақыртқан. Бұл жолы да осы дәрігер келіп, балаға қатарынан екі екпе жасағанын айтады. Сәлден кейін бала жүріп кеткен.

“Одан баланы моргқа алып кетіп, бір айдан кейін жауаптары келді бізге. Бала уколдан өлген, анафилактикалық шок алған. Басында врач мен ешқандай укол салмадым деген, бір жылға дейін. Бір жарым жылдан кейін жақында бізден тағы да сұрақ-жауап алынды сонда врач «мен укол салдым, екі укол салдым» деді”, – дейді Сәуленің анасы Балхия Оспанова.

Перзентінен айырылған ана дәрігер жаупкершіліктен жалтару үшін «ата-ананың өзі ауруханаға жатудан бас тартты» деген құжат жасатқан дейді. Алайда қолжазба сараптамасы бұл құжаттың жалған екенін дәлелдеген. Кейін баланың қаза болуы себебін анықтайтын екінші сараптама да жасалған. Полиция екі сараптама нәтижесінің бір-біріне қайшы болуынан іс созылып кетті дейді.

“Осындай екі жақты сараптамалардың нәтижесінде біз үшінші кешенді сараптама тағайындауды жөн көрдік. Ол Астана қаласында өтетін болды”, – дейді Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал осы қылмыстық іске жауапкер ретінде тартылып отырған жедел жәрдем дәрігері әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрген көрінеді. Қылмыстық іс созбалаңға салынып жүргеніне наразы ата-ана бұл іске Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің араласуын сұрайды. Себебі бұған дейін денсаулығында кінарат болмаған бүлдіршінді дәрігер өзі өлітіріп алды деген сенімде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз