Алматы маңында Тұздыбастаудағы үйінен 10 шілде күні шығып кетіп қайта оралмаған 18 жастағы Назерке Әріп іздестіріліп жатыр.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жылаған күйі жол бойына жүігіріп шыққан қызды соңғы рет Айша-бибі көшесінде дәмхана қызметкерлері көрген. Қазір оны іздеу жұмыстарымен Медеу аудандық ішкі істер бөлімі айналысып жатыр.
Ал Назеркенің ата-анасы оны көрген немесе қайда жүргенін білетін адамдарға төменде көрсетілген телефондарға хабарласуды өтінеді: 8 702 751 69 77, 8 775 482 05 50, 8 775 365 53 01.