Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда 13 тоннаға жуық аяқ-киім өртелді

Түпнұсқадан бір мысқал кем емес тауарлар Қытайда жасалыпты. «Қалжат» өткізу пунктінде тәркіленген спорттық аяқ-киімдердің бағасы 84 мың АҚШ долларына бағаланып отыр. Тауарды жеткізушілердің Кеден одағының шекарасы арқылы тасымалдауға уәкілетті тұлға еместігі анықталған және олар тауардың қауіпсіздігін растайтын сертификатты көрсете алмаған. Қазір кеденшілер контрафактілік тауарларды түгелдей арнайы пеште өртеп, көзін жойған.

Айта кетейік, соңғы уақыттары Қытайда жасалған көшірме тауарларды елге алып өтпек болғандардың қатары жиілеген. Әсіресе, оңай олжаны көксегендер көбінесе кондитерлік өнімдер мен құрал-саймандардың көшірмесін тасымалдайды екен.

«Бұл тауарлардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаты жоқ. Сондықтан Қазақстанның аумағына өтіп кетсе, адам денсаулығына зиян келтіреді», – дейді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Ғабит Оразов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз