Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматыда 11 жасар баланы өлтіргендерге қатысты жаңа дерек шықты

Алайда ол кезде Ақбердиев жазадан құтылып кеткен. Яғни күдікті шағымданушымен ымыраға келгені үшін қылмыстық іс қысқартылыпты. Енді ол аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Темір Ақбердиевтен бөлек тағы төрт адам қамауға алынған.

Олар – Темірдің шешесі Шәрипа Ақбердиева, қарындасы Айдана, досы Қадыржан Гулямов пен көлік жүргізушісі болған Руслан Муталиев. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 6-шы сынып оқушысын дәл осы 27 жастағы Муталиевтің көлігімен ұрлап әкетіп, кейін өлтіріп тастаған. 11 жасар Өркен Азаматұлы 19-шы қаңтар күні жоғалып кеткен болатын.

Екі тәуліктен кейін оның денесі қала іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылды. Тергеу мәліметтеріне сай, Өркенді алдымен бірнеше жерден пышақтап, артынша буындырып өлтірген.

Дереккөз: КТК арнасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз