Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды

Тергеу жұмыстары нәтижесінде, бұл адам бір жыл көлемінде (2015 жылдың желтоқсаннан 2016 жылдың қазанына дейін) компьютерден зообаққа кіру билеттерінің сатылымы жөніндегі мәліметтерді жойып отырған. Осылайша, ол 32 миллион теңгені иемденіп, жұмсап жіберген.

Қылмыстық іс “Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иелену және талан-таражға салу” және “ҚР есепшілік тіркеу және қаржылық есеп туралы заңнамасының бұзылуы” баптары бойынша тергелуде.

Сотқа дейінгі өндіріс Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қызмет тарапынан атқарылып жатыр. Қылмыстық істің ауырлығына байланысты істі жүргізу жөнінен процессуалдық прокурор тағайындалды.

Ол тергеу ісінің басынан қылмыстық процестің аяқталып, сотқа берілгенге дейінгі уақыт аралығында бақылау жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз