Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Алматы тұрғыны өзін мүгедек қылған дәрігерлермен соттаспақ

Көз жасы көл болған Қарлығаш Халықова операциядан оңаламын деп опынғанын айтады. Кистаны алып тастаудың ақыры тоқішектің зақымдануына әкелген. Бірақ, дәрігерлер олқылықтарын о баста байқамаған. Үш күннен кейін ішкен асы іш қуысына жайылғаннан Қарылғаш есінен танып, жансақтау бөлімінде қайтадан операция жасалады. Өлім мен өмір арасындағы тоғыз сағаттық арпалыстан кейін шыбын жаны аман қалыпты. Бірақ, зақымданған тоқішек әлі күнге қалпына келмей тұр.

“Мына жерге қазір тоқішегім шығып тұр. Соның ішінен біресе ірің шығады, біресе қанайды. Оның бәрін сұрайын десек, олар жауап бермейді. Шырылдап бала-шағамның мазасы кетті. Олар тып тыныш ұйықтап жатыр”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Қарлығаш Халықова.

Қолдағы қорытындыда тоқішектегі ірің бұрыннан болған деп көрсетілген. Бірақ, осыған дейін анализ тапсырған Қарлығаштың денсаулығынан ондай кінәрат анықталмаған. Бастарын бәледен алып қашпақ болған ақ халаттылардың бассыздығын бетке басамын деп Қарлығаш Халықова кезекті рет ауруханаға келді. Бұл жолы да жауапты мамандар орнынан табылмады.

Жағдайдың ушығарын білді ме, дәрігерлер сабыр етіп, күтуімізді өтінді. Араға бір жарым сағат салып, мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін басшылықтан өкіл келді. Айтылған айыптаудың қаншалықты рас екенін анықтауға тырысамыз деп сендірді.

“Осы жағдайды тексеретін комиссия міндетті түрде құрылады. Гисталогиялық зерттеу жүргізіліп қорытындысын шығарамыз. Егер дәрігерлер кінәлі болса олар жазаланады”, – дейді Адам ұрпағын өрбіту орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Гаухар Көшкенбаева.

Денсаулығыма дәрігерлер зиян келтірді деген Қарлығаш Халықова олардың жазасыз қалмағанын қалайды. Екі айдан кейін тоқішегіне қайтадан операция жасалуы тиіс. Артық қылам деп тыртық қылған дәрігерлер ол операцияны өз мойындарына алып, материалдық шығынды өтемесе сау адамды сал қылғандарды сотқа беремін деп ашынып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз