27 қазанға қараған түні Қапшағай тасжолының 19-шы шақырымында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты.
Бұл туралы “СТВ” телеарнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасы хабарлайды.
Белгісіз маркалы автомобиль жүргізушісі жарықтандырылмаған жерде қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Кейінірек жол үстінде жатқан қызды Mercedes жүргізушісі тағы да қаққан. Неміс көлігінің иесі тоқтаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны ұстаған. Қайтыс болған қыздың жасы анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қыз мас күйде болған.