«Алматы Су» холдингі ақпан айынан бастап суық су үшін тек есептеуіш көрсеткіштері бойынша төлем алмайды. Құбырдың жарылуы мен басқа үй шығындарын да тұрғындар өзара бөліп төлейді.
Бұл судың төгілуі, техникалық шығындар (желілердің қысымын тексеру, үй ішіндегі желілерді шаю, үйді тазалау шығындары) секілді жалпы тұрғын үй шығындары, сондай-ақ үй ішіндегі құбыр желілерінен аққан су
Төлемдердің осындай жүйесін енгізу ескерілмеген су шығындарын төмендетуге көмектесіп, сондай-ақ пәтер иелерін ортақ иеліктегі инженерлік желілерді пайдалануда жауапкершілікпен қарауға ынталандырады».
Қарапайым тілмен айтқанда, бұрын алматылықтар түбіртектерінде есептеу құралдарындағы «алдыңғы» және «қазіргі» көрсеткіштер жолағын толтырып, оны тарифке көбейтіп төлеген.
Енді пәтерлеріне есептеу құралын әдейі қоймай отырған көршілері үшін де төлейді
Алматылық Александр Пак «Алматы Су» мекемесімен бірнеше жыл бойы дауласып келе жатыр. Жақында Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуінде Пак холдингті аса үлкен көлемдегі алаяқтыққа айыптады. Сол күні ол «Алматы Су» басшылығымен кездесті.
— Әдетте үлкен қылмыс жасады деп айыптағанда, айыпталушы ол жексұрынды жала жапқаны үшін сотқа береміз деп жауап береді — дейді тұтынушы. — Бірақ «Алматы Су» бұлай жасай алмайды. Мен оларға тұтынушыларға түсініксіз соммаларды қалай іліп қоятынын құжат жүзінде дәлелдеп бердім.
— Нақтырақ айтқанда?
— Алдымен
коммунальдық қызметкерлер өздерінің шығындарын тұтынушыларға іліп қоятынынан бастайық
Яғни, коммуналық қызметкерлерді пайдаланатын адам тұтынушыларды судың аққаны үшін немесе қандай да бір бұзылыстар үшін жазалайды. Мына мәселені анықтап алайықшы, су қалай есептеуіштерден айналып өтіп, ағып кетеді?
Бізге үйдің кіреберісін жууға су кетеді деп мысал келтіреді. 3 кіреберісі бар үйді алып қарайық. Біріншіден, аптасына бір рет жасалатын тазалау жұмыстарына 6 шелек су кетеді, бір подъездге 2 шелек кетеді. Бұл 60 литр — 0,06 текше су. Айына — 0,24 текше су. Жылына 2 текшеден сәл артық су. Ақшаға шаққанда ары кетсе жүз теңге.
Екіншіден,
подъезді жуатын 2 шелек суды тазалаушыларға үй тұрғындарының өзі құйып береді. Яғни бұл су біреудің есептеуіші арқылы өтеді
Сондықтан, кіреберістерді тазалауға су шығындалады деу — негізсіз дәлел.
— Үйдің алдындағы шағын бау-бақшаларды суғару туралы да айтылған еді.
— Егер біреу ауладағы гүлдерді суару үшін өзінің ас үйі арқылы шланг тартып суарса да, су біреудің есептеуіш құралы арқылы өтеді. Ешкім есептеуішке түспесін деп, ағаштар мен гүлдерге су құю үшін жертөлеге түспейді ғой. Бұл ақымақтық.
— Бұған қоса жылыту жүйесін шаю да бар.
— Егер оны жылына екі рет жасайды деп есептесек, жылыту жүйесін шаю үшін жұмсалған бұл су шығынын тұтынушылар қазіргі тариф бойынша 100 есе артығымен төлеп тастады.
— Жалпы алғанда монополист тұрғын үйге орнатылған есептеу құралдары мен жеке есептеуіштердің арасындағы айырмашылыққа алып келетін бір тұрғын үйдің ортақ қажеттіліктері туралы айтып отыр.
— Онда біз тұрғын үйге ортақ қандай қажеттіліктер туралы айтып отырғанымызды нақты түсіндірсін. Барлығын үй тазалаушыларға жауып қоя алмайды.
Егер белгілі бір үйдің есептеуіштерінде айырмашылық болса, бұның себебін Пәтер иелерінің кооперативімен бірге іздесін. Кінәліні тапсын да, оған шотты ұсынсын. Бірақ бұл айырмашылықты барлығының мойнына ілудің қажеті жоқ. Айтпақшы,
азаматтардың көбі тұрғын үйдегі ортақ есептеуіштерде қандай көрсеткіштер тұрғанын және оны қаншалықты жиі жазып алатынын білмейді
Ал біз көрсеткіштерді дұрыс жазып, үстіне ешнәрсе қоспайтынына қалай сенімді боламыз? Заңға сүйенсек мен өзімнің пәтерімдегі есептеуіш бойынша ғана төлеуім керек.
Холдинг тұтынушыларға қосымша сомманы іліп қою үшін үнемі бір нәрсені ойлап табады
Олардың абоненттік бөлімінде есептеулер мен қарыздар бойынша сұрақ қойып келетін халық көп.
— Ал бұл төлеу жүйесі шынымен де ақпан айынан басталды ма? Себебі түбіртектерде біресе қарыз, біресе артық төлемдер жүреді.
— Олар мен алаяқтық туралы арыз жазып, холдинг басшылығымен сөйлескеннен кейін ақпаннан бастап шығын барлық тұрғындарға бөлінеді деген әңгімені көтерді. Себебі холдинг маған қандай да бір жауап беруі керек еді. Сондықтан олар айырмашылықты барлық тұрғынға бөлуді заңдастыру идеясын ойлап тапты. Мұның бәрін жазғыру мен сөгіс болмауы үшін жасап отыр.
— Олардың пікірінше, бұл жаңашылдықтар №58 типтік шартқа енгізілген. Сіз бұл құжатпен таныссыз ба?
—Мен ол құжатты көрген жоқпын және қол қойған емеспін. Менің ойымша, «Алматы Су» мен пәтер иелерінің кооперативінің арасындағы шарт туралы сөз болып отыр.
— Монополистердің құрығына түспес үшін түбіртекті алғанда неге назар аудару керек?
— Осыдан 10 жыл бұрын кейбір үй тұрғындарының түбіртектерінде есептеуіштердің көрсеткіштеріндегі негізгі соммаға 500 теңге үстеме қосылды. Адамдар таңырқап, наразылықтарын білдірді. Оларға су бір жерден ағып жатыр, сол шығынды барлығына теңдей бөлеміз деп жауап берді. Бұл оқиға ақпандағы жаңашылдықты еске түсірмей ме?
Тағы да қайталаймын, 500 теңге дегеніміз 10 текше су. Қандай да бір судың ағып кетуі туралы айтпағанның өзінде, кейбір отбасылар бір ай бойы осынша су жұмсамайды. Айта кетейін, 500 теңгені тұрақты түрде емес, кей кездерде қосып тұрды. Сол уақытта мен қала прокурорына арыз жаздым, оған көрші үйдегі кемпірлер қол қойды.
Сол уақытта қалалық су құбырына тексеру жүргізіліп жатқан, менің арызымнан кейін түбіртектегі 500 теңге жоғалып кетті.
Алаяқтықтың тағы бір жолын айтайын. Мен бір айда 2 текшеге дейін су жұмсаймын. Бір күні маған 6 текше судың қарызы келеді. Әзер дегенде Call-центр хабарластым. Маған есептеуішті ауыстырған соң жазбаларда айырмашылық туындаған деп жауап берді. Мәліметтерді түзету үшін 2 апта керек дегенмен, қарыз тек бірнеше айдан кейін ғана өшірілді. Мен барлығын қадағалап, тексеріп отырамын және қандай да бір қателіктерді анықтауға ұмтыламын. Ал басқа біреу қолын бір сілтеп, ақысын төлей салады.
Енді өздеріңіз
суды көп тұтынатын үлкен отбасыларға қанша үстеме қосатынын ойлап көріңіздерші
Біраз уақыт бұрын коммуналшылар түбіртектегі көрсеткіштер жолағын өздері толтыра бастады. Онда дұрыс емес көрсеткіштер жазылған. Мысалы өткен айда тұтынушы тіркеген көрсеткіштен төмен сандарды көрсеткен. Мен өзімнің көрсеткіштерімді есіме түсіріп, қате сандарды түзеймін. Ал басқалардың есінде жоқ немесе назар аудармайды, тіпті түбіртекті жоғалтып алуы да мүмкін. Сондықтан жеткізуші көрсеткен сомманы төлейді.
Яғни, монополист тұтынушының сенімін пайдаланады
Сол себепті неліктен монополист менің орныма түбіртекті толтырып, ісіме араласады деген сұрақ туындайды?
— Сонда түбіртекке тек «Алматы Су» ғана емес, басқа да коммуналдық қызметті жеткізушілер араласа ма?
— Холдинг орташа тәуліктік шығын ұғымын енгізген, бұл — тағы бір алдау жолы. Ендігі жерде олар алдыңғы және қазіргі көрсеткіштерді де толтырады. Оларды нақты көрсеткіш ретінде төлеуге ұсынады. Бұдан кейін көптеген адамдар түбіртектерде қарыздардың пайда болғанын байқады.
Бірақ көбісі түбіртектің екінші жағында ұсақ жазумен жазылған қарызды төлемегені үшін қызметті тоқтатыны туралы ескертуді көрмейді.
Адамдар тағы да наразылығын білдірді. Ал «Алматы Су» операторлары бұған көңіл аудармаңыздар деп жауап қатты. Ал «қарыздар» айлар бойы ілініп тұр. Сандарға назар салып қарасаңыздар, монополистер төлеуге ұсынған сандар сіз бұған дейін төлеген көрсеткіштермен сәйкес келетінін көресіздер. Яғни, монополистер берген көрсеткіштерді төлейтін болсаңыз, сіз бір төлеген сомаңызды қайта төлейсіз.
Құзіретті құқық қорғау органдарына ешқандай жолмен жүгіне алмаймын.
Мен айтып отырған сомманың ұсақтығынан, олар монополистің әрекетінен ешқандай қылмыс құрамын көрмейді
Тіпті бұл 100-500 теңгені қаладағы тұтынушылардың санына көбейтуді ойламайды да.
Менің бұл жағдайға қатысты пікірім қандай? Бір тұтынушыдан түскен 100 теңгені тамшы деп қарауға болады. Тамшыдан тама-тама теңіз құралады демекші, мұның барлығы үлкен қаржылық ағымға алып келеді. Бұл ағысқа жылу берушілер, электриктер және басқа да коммунальдық мекемелер қосылады. Нәтижесінде тұтынушылардың қалтасынан миллиардтаған соманы жеп отыр, ал бұған ешкім назар аудармайды.