Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Алматы Су»: ауқатты алматылықтар судың ақшасын төлемеуге тырысады

199
Серик Шагиров

Ақпан айының басында аудан әкімінің есеп беру кездесуінде зейнеткер Александр Пак Алматы Су МКК-ны алаяқтық жасады деп айыптады.   Ол мекеменің бірнеше жолмен  тұтынушыларға қосымша сомманы іліп қоятынын дәлелдеп берді.

Тұтынушының пікірі  бойынша:

  • Кіреберістегі су шығындары туралы сөз болса да, есептеуіштерден басқа көздерден алынған көрсеткіштерді пайдаланып, судың ақшасын төлету – заңсыз;
  • жеткізушілер өз бетімен коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектерді өздері толтыру арқылы, тұтынушыларды әдейі шатастырады.

Барлығы 2019 жылдың ақпанында «Алматы Су» МКК есептеу әдістемесін өзгерткен кезден басталды. Бұрындары тұрғын үйлердегі су шығындарын пәтерінде есептеуіші жоқ адамдар төлесе, қазір бұл қаржы барлық меншік иесіне теңдей бөлінеді.

Жеткізушінің бұл әрекеттері наразылық тудырды. Тұтынушылар өздеріне басқа біреудің қарызын ілгеніне қарсы. Бұл туралы Алматы Су» МКК не ойлайды, медиапортал редакциясына тұтынушыларға қызмет көрсету басқармасының басшысы Серик Шагиров айтып берді.

Көрсеткіштерді бермесе, жорамалмен жазамыз

— 5 ақпан күні Әуезов ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде Пак мырза келтірген дәлелдерді онымен бірге біздің мекемеде болған кездесуде талқыладық, —  дейді «Алматы Су» өкілі. — Барлық жеткізушілердің «Алсеко» квитанциясында екі баған бар. Біріншісін  есептеу құралдарының нақты көрсеткіштеріне сүйеніп тұтынушы  өзі толтырады.

— Түсінбеушілік туындамас үшін бір ғана бағанды қалдыруға болмас па еді?

— Қазіргі заңнамаға сәйкес жеткізушілер ең кем дегенде тоқсанына бір рет есептеу құралдарының көрсеткіштерін  салыстыруы керек. Шоттарды дұрыс шығару үшін алдын-ала болжанған орташа тәуліктік төлем қолданылады. Ол  осы мәселеге қатысты өткен тақырыптың кейіпкері Пак мырзаға ғана байланысты емес.

Жалпы алғанда Алматы бойынша тұрғындардың  70%-ында есептеуіш құралы бар, 30%-ында жоқ.

Сәйкесінше біз орташа тәуліктік тұтыну бойынша шот шығаратын жеке баған бар. Бұл өз бетімен түбіртекті толтырмайтын тұтынушыларға арналған. Олар біздің берген мәліметтерімізді ескереді.

Неліктен бұндай жағдай туындады. Біз ай сайын төлем түбіртегін беруге міндеттіміз. Кейбір тұтынушылар есептеуіштеріндегі мәліметтерді жазып алуға мүмкіндік бермейді. Сәйкесінше, жорамалдап орташа тәуліктік көрсеткіштерді шығарамыз.

— Сіз бір нәрсені шатастырып отырған жоқсы ба? Тұтынушы түбіртегі бойынша төлем жасағанда, өзінің есептеуішіндегі көрсеткіштерді де көрсетеді!

— Ал егер ол борышкер болса ше?

Ең бастысы — төлем жасау

— Сонда сіздер орташа тәуліктік тұтынуды борышкерлерге ғана емес, барлығына да шығарасыздар ма?

— Иә, бәріне. Тұтынушы төлем жасағаннан кейін, оның көрсеткіштері текшеге ауыстырылады да түбіртек бойынша айырмашылықтар жойылады. Біздің орташа тәуліктік көрсеткіштеріміз бақылаушылар есептеу құралындағы көрсеткіштерді жазып алғанға дейін тұрады. Кез келген кәсіпорынға нақты сандар керек. Біз тұтынушының көрсеткіштерін ескеріп, оларды текшеге ауыстырғаннан кейін оны борышкерлердің қатарынан шығарамыз.

Көрсеткіштерді тіркеу үшін бақылаушының келуі міндетті емес. WhatsApp-тағы бірегей номер арқылы да тіркеуге болады

Ондағы суреттер мәліметтер базасымен синхрондалады. Жеке кабинеттің мобильді нұсқасы бар. Яғни есептеуіштегі көрсеткішті жіберудің бірнеше жолы бар.

Зейнеткер Александр Пак неліктен мұндай жағдайға тап болды? Оның түбіртегі бойынша 5-6 текшеге дейін айырмашылық туындаған. Себебі біз ұзақ уақыт бойы оның пәтеріне кіре алмадық, ол өзі де көрсеткіштерді жібермеді. Тағы да қайталаймын, осы баған бойынша тұтынушыға  өсімпұл немесе қызметті тоқтату секілді ешқандай шара қолданылған жоқ.

— Ал тұтынушы түсініксіз жағдайға тап болған, себебі осының кесірінен оның түбіртегінде бірде артық төлем немесе қарыз көрсетілген. 

— Бақылаушы көрсеткіштерді жазып алғаннан кейін бұл бағандағы деректер жойылады.

Бақылаушы күдік тудырады

— Біздің елімізде жекеменшік құқығы бар. Ешкім танымайтын тұлғаны өз пәтеріне кіргізгісі келмейді. Сіздердің бақылаушыларыңыз жиі ауысады. Өзіңіз ойлап көріңізші, қазіргі қылмыстық жағдай мен пәтер тонаушыларын ескеретін болсақ, бөтен адамға тұрғындар қалай сенеді?

— Бұндай проблеманың бар екенін білеміз. Сондықтан міне бір жылға жуық жылу желілерінде тұрақты бақылаушылар жұмыс атқарып жүр. Бақылаушылар учаскелерге бөлінген, оларға қатысты барлық ақпарат пәтер иелері комепративіне ұсынылады. Пәтер иелері біздің қызметкерлерімізді  кіргізгісі келмесе, олар мәліметтерді берудің басқа жолын пайдалана алады. Мысалы есептеуіш құралын суретке түсіріп, оны біздің мессенджерлерге жібереді.

Бірнеше жыл бұрын қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру аясында үлкен бағдарламаны таныстырды.

Қазір заңды тұлғалардың 80%-ы мен мемлекеттік мекемелердің 70%-ы мәліметтерді қашықтан жіберетін есептеу құралдарын орнатты.

Тұтынушылардың барлығын бірдей қамти алмағандықтан, біз заңды тұлғалардан бастадық. Айтпақшы, соңғы жылдары көп пәтерлі секторларда еептеуіш құралдары болашақта мәліметтерді автоматты жіберу мүмкіндігіне ие «сымдарды» қолданып орнатылуда. Бірақ қазір бақылаушылар жүйесінен бас тарта алмаймыз. Қаланың барлық тұрғыны бірдей коммуналдық қызметтердің ақысын уақытында төлемейді.

Жалға берілген пәтерлердің дауы көп

— Борышкерлер көп пе?

— Қазір

сумен қамтамасыз ету және су бұру қызметтері бойынша қарыз 400 млн теңгені құрайды

Оның 60%-ы халықтың,  40%-ы — заңды тұлғалардың қарызы. Жалпы саны қанша екенін айту қиын, себебі бағдарлама 1 теңге қарызды да есепке алады. Дегенмен пәтер иелері мен жеке сектор тұрғындарының қарыздары 50 де 50 деп айта аламын.

— Сіз тұрғындардың  30%-ы есептеуіш құралын қоймаған деп айттыңыз. Олар неге әлі күнге дейін орнатқан жоқ?

— Табиғи монополия туралы заңнама бойынша әр тұтынушыда жеке есептеу құралы болуы керек. Алайда болмаған жағдайда ешқандай санкция қолданылмайды. Яғни міндетіңді орындамасаң да, жауапкершілікке тартылмайсың.

Біздің талдауымыз бойынша, заңсыз коммерциялық қызметпен айналысып, пәтерлерін жалға беретін көп пәтерлі сектордың меншік иелері есептеуіш құралын орнатпаған.

Біздің қолымыздан келетіні үнемі тексеру жүргізу. Бірақ көріп отырғандарыңыздай, бұл адамдардың мазасын кетіреді. Екіншіден, ынталандырушы сипаттағы шаралар қолдану. Есептеуіш құралы жоқ пәтерлердің тұтынушысы бір адамға айына 400 теңге төлейді.

— Бірақ жалға берілген пәтерлерде үй иесі ғана тіркеуде тұрғанымен, онда бірнеше жалға алушы тұруы мүмкін ғой.

— Бұл басқа проблема. Ол қараша айында электронды мекенжай анықтамасын беруді алып тастағаннан кейін ушығып кетті. Үй кітапшаларын да алып тастады, ал оның электронды нұсқасын әлі  енгізген жоқ.

Егер ресми статистикаға сүйенетін болсақ, қалада 2 млн адам тіркелген. Ондағы 700 мың адам біздің базамызда тіркелмеген.

Олар туралы мәліметтер жоқ.

80 жылдардан бері су тұтыну нормасы өзгермеді

Су тұтыну номаларын өткен жүз жылдықтың 80 жылдарынан бері су  тұтыну нормалары өзгерген  жоқ

Ал жеке сектор туралы айтар болсақ, 80 жылдары кез келген үйде әжетхана, душ, ванна болған жоқ.

Тастақ ықшамауданындағы үш сотық жері бар шағын үй мен Юбилейный ықшамауданындағы үйді салыстырып көрейік. Бірінші жағдайда екі қабатты, бірнеше санузел, бассейн, монша мен газоны бар зәулім үйге қарағанда суды азырақ тұтынатыны анық.

Соңғы 2 жылда бір алматылық пен бір пәтердің орташа статистикалық тұтыну көрсеткішін анықтау үшін есептеулер жүргізудеміз.

— Оны кім бекітеді?

— Монополияға қарсы орган. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Біз мемлекеттік мекеме болғандықтан, норманы қала әкімшілігімен бірге әзірлейміз. Дайын есептеулер сарапшылар кеңесі мен мәслихаттың талқылауына ұсыналды.

Сондықтан жақын арада бассейн, монша, кіріктірілген техниканы, санузелдердің санын да ескеретін боламыз.

Ауқатты тұрғындар  да судың ақысын төлемейді

— Сіздер борышкерлердің мүліктік жағдайына мониторинг жүргізесіздер ме? Біреудің шотты төлейтін ақшасы болмаса, басқалары жай ғана оны елеусіз қалдыруы мүмкін ғой. 

Еліміздегі басқа қалалармен салыстырғанда бізде біршама арзан тариф десек болады. Пәтердің 10 мың теңге қарызы болса, ол бір жыл бойы төлемеді дегенді білдіреді. Борышкерлерге  канализациялық жүйесін бұғаттау арқылы ықпал етеміз.

Біз мониторинг жүргізу барысында сумен қамту жүйелерінің ақауларын анықтаймыз. Тұтынушының жағдайы жақсы  болған сайын, ол су мен басқа ресурстарды көбірек пайдаланады. Тұтыну деңгейі жоғары болғандықтан, суды ұрлау немесе нақты тұтынатын су мөлшерін жасыру секілді қитұрқы әрекеттерге барады. Қалада мұндай проблема Медеу және Бостандық аудандарында кездеседі. Борышер пайдаланатын қызметті тоқтатуға келгенде, үй иесі судың ақысын төлеуді ұмытып кетіппін деп ақылға сыймайтын жауаптарды айтады.

Халықтың осал топтарына кіретін тұтынушыларға жеңілдіктер жасаймыз. Оларға өсімпұлдар қоймаймыз, тіпті  төлеу уақытын да ұзартамыз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз