Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы полициясы жалғызбасты анаға құжаттарын түгендеуге көмектесті

Жергілікті полицияға 38 жастағы Т. есімді келіншек ішімдікке салынған тұлға ретінде тіркелген. Мұндай отбасыларда балалар қараусыз болатыны белгілі. Арнайы тексеру кезінде келіншек құжаттарының жоқтығынан баласын дәрігерге тіркетпегенін айтқан.

– Қазір біз оның құжаттарын түгендеп, жасатып жатырмыз. Тұрғылықты мекен-жайы мәселесін де шешіп бермекпіз. Ондағы ой – баланы жергілікті емханаға тіркетіп қою. Өйткені ата-аналарының кішкентай қателігінен де бала зардап шекпеуі керек. Біз бұл отбасыны үнемі бақылауда ұстайтын боламыз.

Ол баладан айырылып қалуы мүмкін отбасыға жатады. Келіншектің аяқ-қолы сау, денсаулығы мықты. Сондықтан ол жұмыс істеп, баласының жағдайын жасауға қауқарлы„ – деді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің Ювенальды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковник Лейла Әліпбаева.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз