Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысының аумағында карантиндік шаралар күшейтіледі

133
Сурет: Akipress

Алматы облысының аумағында шағын бақтар, саябақтар мен жағалаулар жабылады. ХҚКО-да онлайн алуға болмайтын қызметтер алдын ала жазылу бойынша көрсетілетін болады, орталықтардың жұмыс кестесі сағат 10-нан 16-ға дейін. Банктер, пошта бөлімшелері алдын ала жазылу, электрондық кезекпен жұмыс істейтін болады.

Демалыс базалары мен аймақтарында, турбазаларда, санаториялық-курорттық ұйымдарда объектілердің аумағына кіре берісте дезинфекциялық тосқауылдарды және/немесе тоннельдерді орнату талап етіледі. Сондай-ақ демалушыларға жағажайларға барған кезден басқа барлық уақытта нысандар аумағынан тыс шығуға тыйым салынады.

65 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынады. Қалған барлық қалған азаматтар елді мекендердің аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүріп-тұра алады. Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүрмеуі керек.

Сондай-ақ, алдағы демалыс күндері, 20 және 21 маусымда Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында, сондай-ақ Қапшағай қаласында барлық туристік аймақтар мен ұлттық парктер жабылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз