Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында жол көлік апаты болып, екі адам көз жұмды

145

Көлік апаты Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылының маңында болған.

«Екі адам көз жұмды. Біреуі оқиға орнында, екіншісі ауруханада. Жалпы екі көлікте төрт-төрттен 8 адам болған. 6 жолаушының барлығы ауруханаға түсті. Екеуі Ақсу ауданындағы, қалған 4-еуі облыстық ауруханаға жеткізілді», – деді Ақсу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Құрмет Босжанова.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғасында «Mitsubishi space wagon» және «toyota camry» машиналары соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, көлік апатына ауа-райының қолайсыздығы әсер еткен.

«Mitsubishi space wagon» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетіп, «toyota camry» көлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, «toyota camry» көлігінің алдында отырған 1963 жылғы жолаушы тіл тартпай кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз