Алматы облысында жаңа ауданды құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Бейсенбідегі облыстық маслихаттың отырысында үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.
«Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін»,
Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді.
Фото: Арман Сқабылұлының facebook-тегі парақшасынан алынды.