Алматы облысында полицейлер мен мұғалімдер жоғалып кеткен 10 жастағы оқушыны екі күн бойы іздеген
Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының полицейлері бұл дерекке қатысты іздеу ісін қозғаған. Ұл баланы әйелімен ажырасқан ер адам тәрбиелеп келген. Полицияға хабарласқан да осы әкесі, оқушы желтоқсанның 7-сі жоғалып кеткен.
“Жасөспірім мұның алдында да бірнеше рет үйінен кетіп қалған. Оны іздеуге полицейлермен қоса мұғалімдер де атсалысты. Бұл жолы ол досының үйінен табылды. Аман-есен, қазір туыстарына қайтарылды”, – дейді облыстық полиция өкілдері.