Облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолын су басып кетуі салдарынан жолда келе жатқан көлік жыраға батып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.
«2018 жылы 23 мамыр күні сағат 12:30-да Қорғалжын ауылынан 38 шақырымдық жерде облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолының кей бөлігін су басқаны туралы хабар келді. Қатты соққан жел салдарынан жолдың 100 метр жерін тереңдігі 10-30 см аралығында су басқаны анықталды. Ол жерде кезекшілік ұйымдастырылып, жолдың су басқан бөлігінде жылдамдықты шектеу белгісі қойылды», – делінген баспасөз қызметі мәліметінде.
«Автожолдың оң жағындағы жыраға УАЗ-3962 көлігі батып қалған. Оған жүргізушінің жолдың қауіпті бөлігінде қауіпсіздік шараларын сақтауға салғырт қарап, бағдарды жоғалтып алғаны себеп болған. Сағат 16:21-де көлік судан шығарылды», – делінген ведомствода.
Сағат 17:30-да жел басылғаннан кейін жолдың су басқан бөлігіндегі көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді.