Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы облысында өлтірілген ағайындылардың ісінде басты күдіктінің әйелі де күдікке алынды

Еске сала кетейік, Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілген болатын. Қылмысқа қатысы бар осы ауылдың екі тұрғыны күдікті деп танылды. Олар – Талғат Сүлейманов пен Мұрат Оңалбаев. Сондай-ақ, сот отырысына ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов та қатысып жатыр. Ол “қылмыс туралы хабарламағаны үшін” айыпталып отыр.

Прокурордың айтуынша, осыған байланысты оған қатысты айыпты тағы қарастыру қажет. Осыған дейін күдікті Сүлейманов ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша (“Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”) айыпталды. Прокурор Сүлеймановтың үйде тек бір қаруды сақтамағаны анықталғандықтан, оған тағылған айыпты осы баптың 4-бөлігіне ауыстыру қажеттігін айтып отыр.

“Сүлеймановты бірнеше рет заңсыз қару сақтағаны үшін айыптау қажет. Тергеу бастапқыда оның үйде тек винтовканы сақтағанын айтты, бірақ оның үйінде екі қару сақталған болып шықты. Мұның барлығы айыпты ауырлататын жағдайлар болып саналады және сәйкесінше қатаң жазаланады. Заң бойынша қорғалушының тарапы істегі осы деректермен танысу үшін үш күн беріледі”, – деп түсіндірді судья.

“Оның әйелінің де осы қылмысқа қатысы бар. Себебі ол үйде қарудың бар екенін білді. Ол бұл туралы білді, бірақ қылмыстың алдын алмады. Егер де Сүлеймановтың әйелі қаруды қылмыс болмай тұрып әкелсе, кісі өлтіру дерегі болмас та еді. Оның әйелін жұмыс істеп жатқан мектептен шығарып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұраймын. Ол жазалануы тиіс”, – деді прокурор.

Айта кетейік, жоғарыда көрсетілген баптардан бөлек, күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99, 192, 202-баптары бойынша айып тағылып отыр.

Сондай-ақ, 25 қарашада өткен сот отырысында қаза болғандардың туыстарының моральдық және материалдық шығын ретінде 50 миллион теңге өндіріп алмақшы екені белгілі болды. Алайда басты күдікті Сүлейманов мұндай ақшаның жоқ екенін, өтемақыны төлей алмайтынын айтты.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз