Жол апаты Ұйғыр ауданының маңындағы Ақсай-Шонжы-Көлжат авто жолында болған. Audi A6 көлігі шығыс бағытта келе жатып, оның жүргізушісі жол бойында тұрған жылқыларды байқамай қалған, деп жазады patrul.kz.
Ауыр соққының салдарынан жануарлардың денесі бөлшектенген. Ал көліктің алдыңғы бөлігі қатты майысқан. Тек жылқылар емес, жүргізуші мен оның екі жолаушысы да зардап шеккен. Олар шұғыл Шонжы ауылының ауруханасына жеткізілді.