Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысында қар жауды (видео)

Түнде сонымен қатар Алматы облысының Райымбек ауданында да қар түсті. Әлеуметтік желіде фото және видеоларды бөлісіп жатқан жергілікті тұрғындардың айтуынша, қардың қалыңдығы шамамен бес сантиметрдей.

Осы аптада солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда қатты дауыл соғып, елді мекендерге айтарлықтай залалын тигізді.

Мәселен, 22 мамырдағы дауыл Астанаға алдын-ала есеп бойынша, 235 миллион теңгедей зиян әкелген. Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Еркін Отарғалымұлы айтты.

Сол сияқты Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Алматы облысы орталықтары мен елді мекендерінде қатты боран ағаштарды қиратып, ғимараттардың шатырын жұлып кетті.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарына қарағанда бүгін Астана мен Ақмола облысында ауа райы тұрақсыз болып, үсік жүреді. Секундына 15-20 сантиметр жел соғып, ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз