Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Алматы облысында ірі 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Айта кету керек, осы жобаларды жүзеге асыру барысында жекенің меншігіндегі жерлерді мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, Іле ауданындағы «Береке» индустриалды аймағының құрылысы мен оны дамыту жұмысы. Индустриалды аймақ аумағында ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған бірқатар инвесторлар болғанына қарамастан, қажетті 70 тен аса жер учаскесінің небәрі 3-еуі ғана сатып алынған. Осы мәселе бойынша Іле ауданы әкімінің жұмысы сынға алынды.

«Инвестиция тарту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жаңа кәсіпорындар құру – Мемлекет басшысы алдымызға қойған маңызды міндеттер. «Береке» индустриалды аймағын дамыту үшін жер учаскелерін сатып алу ісі баяу жүруінің салдарынан бұл жұмыс тоқтап тұр. Ал жоспар бойынша қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатуы тиіс еді. Бұл мәселені жылдамдатып, қатаң бақылауда ұстаңдар», – деді облыс әкімі Баталов.

Өңір басшысы Талдықорған қаласының әкіміне сатып алуға жататын жер учаскелерінің құны жөніндегі мәселені тұрақты бақылауға алуды, бағалау құнын өсіру фактілеріне жол бермеуді тапсырды.

Сондай ақ, Алматыдан шығаберіс пен қалаға кірер жолдағы көлік кептелісі қиындығын болдырмау мәселесін назардан тыс қалдырмауды ескертті. Осы мақсатта 6 радиалды жолды төсеу жоспарланған. Бөлінген алапқа Іле, Қарасай аудандарының алаңы 40,2 га болатын 43 жер учаскесі енген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз