Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында имам отбасылы әйелді төсекке сүйреп, өлімге душар етті (видео)

890

Сіздерге хат жолдап отырған себебім – 2019 жылдың 26-сәуірінде менің жарым Нұрғиза Азатханқызы ауыл молдасы Қадыр Әмбиеұлының мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа тартып, түрлі хайуандық әрекеттер жасағанына шыдамай, өз-өзіне қол жұмсауы. Заңда шектеу қойылған әрекеттерге барып, үш баламды жетім қалдыруға себепкер болған Қадір Әмбиеұлына тиісті жаза қолдануларыңызды сұраймын”, – дейді ашынған әке.

Зорлық- зомбылыққа шыдай алмай, өзін құрбан еткен әйелдің артында күйеуі және үш баласы қалды. Есхат мырза заңды құқықтар аясында отбасының қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін сұрайды. Есхат Әйнекбекұлы “имам Қадірдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол абақтыға жабылсын” дейді.

Видеода ауыл имамымен Нұрғиса Азатханқызының арасындағы ұрыс-керістің де үзінділері бар. Аталмыш бейнематериалда анық естілгендей, ауыл молдасы Қадір Әйнекбекұлының әйелін сүйіп қалғанын, одан өзге ешкімді көре алмайтынын айтқан. Сәйкесінше, өз қалауын, өз айтқанын қылмаса, өлтіретінін жеткізген.

Ал Нұрғиза Азатханқызы өз кезегінде күйеуіне қастандық жасай алмайтынын, оны алдауға дәті шыдамайтынын жеткізіп, біржола өлімге бас тіккенін және өзінің өліміне Қадір Әмбиеұлының кінәлі екенін айтады.

“…Мен сізге айтып келе жатырмын ғой. Мен Есхатты алдап жүре алмаймын. Сіз ер-азаматсыз ғой. Түсініп, бір шешім шығарсаңызшы”, – деп жалынады әйел видеодағы дауыстық хабарламасында.

Бұған жауап ретінде молда өзінің де отбасының ойран болғанын, келісім беруін, келісім бермесе бұл нәрсеге төзе алмайтынын жеткізіп, қоқан-лоқы көрсетеді.

“Мен ешкімге жар болмай-ақ қояйыншы. Мен өлемін. Мен осыған бекідім. Мен басқа шешім көріп тұрған жоқпын. Е, Алла, бір өзің Есхатқа жар бола гөр! Сенің хайуандығың мені осы жерге дейін апарды”, – дейді әйел шешімді хатында жылап тұрып.

Өз кезегінде ҚМБД осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. «Əмбия Қадір 2016 жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметін етағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасын қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алғаноқиғаның толықмəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде» — делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз