Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматы облысында апатқа ұшыраған автобус жолаушылары оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Апат шамамен таңғы сағат 7:15 те болған. Көктайғақта тежегішті басқан жүргізуші рөлге ие бола алмай 3 метр биіктіктен бір қырымен аударылып түсіпті. Соққының қатты болғаны соншалық, автобустың қаңқасы майысып сау тамтығы қалмаған. Жарақат алғандардың қаны тіпті терезелерге дейін шашырап кеткен. Автобус жүргізушісі сағатына 40-45 шақырым жылдамдықпен келе жатқанын айтады. Алдын кескен жеңіл көлік кенеттен тежегіш басқандықтан, тайғанақта автобус сырғанап жолдан шығып кеткен екен. Қабырғасын ауыртқан жүргізуші ауруының батқанына қарамай оқиға орнында жүр.

Жолаушылар автобус аударылғанда шырт ұйқыда жатқан екен. Соққыдан ешкім де қарманып үлгермеген. Есеңгіреп, енді естерін жиған жолаушылар автобустағы қол жүктерін алып кетіп жатыр. Таңда болған апатты құдды қорқынышты түстей естеріне алады.

Екі адамның өмірі сол жерде үзілген. Жедел жəрдем жарақат алған 28 жолаушыны Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізіліпті. Жағдайы ауыр жолаушының бірі сол жерде жан тапсырды. 5 адам бас жарақатын алып, 16-сы амбулаторлық емге көшірілген. Дəрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп төніп тұрған науқас жоқ.

Аударылған автобус аумағы, тайғанаған жерді қазір құзырлы органдар зерттеп жатыр. Үш адамның өмірін жалмаған апатқа кімнің кінəлі екенін əзірге кесіп айту қиын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз