Алматы – Қаскелен тас жолында көліктер соқтығысып, апат салдарынан бір адам қаза тапты деп, хабарлайды Today.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оң қатардың аяғында авариялық сигналын қосып, «Нива» көлігі тұрған. Белгісіз жағдайда Suzuki жүргізушісі тоқтап тұрған көлікті соққан.
ЖКО салдарынан «Нива» көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Жолаушылар Қаскелен ауруханасына жеткізілді. Ал Suzuki жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты.