2020 жылы 13 ақпанда Алматының халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді. Оның ішінде 171-і Қазақстанның, 40-ы Қырғызстан азаматтары.
Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты ҚР азаматтарын көшіретін соңғы рейс.
Келгендердің жағдайы қанағаттанарлық. Келген соң қазақстандықтар жұқпалы аурулар емханаларына жеткізілді, қырғызстандық азаматтар Қырғызстан Республикасының аумағына жеткізілді.
Карантин жарияланған жерден келген жолаушылар жұқпалы аурулар емханасының аумағындағы мамандандырылған бокстарға оқшауланады.
Санитарлық және шекара қызметінің қызметкерлері, экипаж, медицина қызметкерлері ұшақты әуежай аумағындағы жеке аймаққа отырғызу кезінде, сондай-ақ пациенттерді жеке бағыт бойынша оқшаулау және карантиндеу процесінде коронавирусты инфекциялардың таралуына жол бермеу бойынша барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтағанын атап өткен жөн. Ұшақ бортында жолаушылар термометрия әдісі бойынша үш кезеңнен тұратын тексеруден өтті.
Жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына келгендерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектердің және эпидемияға қарсы қорғану құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
Жалпы, бүгінгі күні әлемде 45 188 коронавирусты инфекция жағдайы тіркелген
Алматыда жағдай тұрақты, коронавирусты жұқтыру жағдайлары жоқ. Жағдай биліктің бақылауында. Өңірлік штаб коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу бойынша күшейтілген шараларды іске асыруда. Барлық халықаралық рейстер бойынша вирустық инфекциялардың алдын алу және диагностикалау бойынша эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда.
Коронавирус мәселелері бойынша Қазақстан аумағында 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталық жұмыс істейді.
Сонымен қатар, аталған рейске келгендердің мәселелері бойынша Алматыда 8 707 677 71 68, 8 771 404 54 65 нөмірлері бойынша “жедел желі” жұмысы ұйымдастырылды.