Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы әуежайы қызметкерлері ұрлықпен айналысқан

Көлік полицейлері осы дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары барысында жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-да қабылдап-тапсырушы қызметінде жұмыс атқаратын екі жас жігітті анықтап, ұстады. Олар жұмыс орнында алдын ала өзара келісе отырып ұрлық жасаған. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.

Күдіктілер Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 188 бабы 2 бөлімі 1 тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталғандардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз