Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Алматы әкімдігі басқарма басшыларын ауыстырды

Сондай-ақ Сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы – Нұрлан Уранхаев таныстырылды.

Қиқымов Мақсат Сәкенұлы бұған дейін Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған. Ол еңбек жолын «Альянс банк» АҚ-ның Алматы қаласындағы бөлімшесінде Бухгалтерлік есеп және есептеме бөлімінде маман болып бастаған. Түрлі жылдары Алматы қаласы «Альянс банк» АҚ «Алатау» бөлімшесінде бөлімнің, басқарманың бас есепшісінің орынбасары, бас есепшінің м.а., «Астана – финанс» банкі АҚ Алматы бөлімшесінде бэк-кеңсе басқарушысы, бас есепшісі, «Трансервис-Миллениум» ЖШС қаржы директоры, «Кредит Алтын Банк» АҚ басқарма мүшесі-бас есепшісі, методология және автоматтандыру және бизнес-процестер басқармасының басшысы, «Bank RBK» АҚ банк технологиялары департаменті директорының орынбасары, «Алматы қалалық қаржы басқармасы» ҚММ басшысының орынбасары және «Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ҚММ басшысы болған.

Өсеров Ілияс Ерікұлы бұдан бұрын Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек еткен. Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Сбербанк» ДБАҚ бөлімшесі несиелік әкімшілендіру бөлімінің несиелік әкімшісі ретінде бастаған. Алматыдағы «Сбербанк» ДБАҚ бөлімшесі несиелік әкімшілендіру бөлімінің бас маманы болған. Түрлі жылдары министрлік пен ведомство жүйесінде қызмет еткен.

Уранхаев Нұрлан Телманұлы осы тағайындауға дейін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ бас директоры болып еңбек еткен. Еңбек жолын 1987 жылы «Қазпромтехмонтаж» тресті Семей монтаждау басқармасында темір шебері-монтаждаушы, шебер, учаске прорабы ретінде бастаған. Түрлі жылдары бірқатар қызметтерді, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз